Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды

Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды

Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов, Сербия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Владимир Йовчич және Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Пыштанов қатысты.

Тікелей қатынасты іске қосу туралы келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен мүмкін болды.

Белградқа келгеннен кейін қазақстандық делегацияны Сербия Президенті Александр Вучичтің тапсырмасымен Сербия Ұлттық жиналысының спикері Ана Брнабич және Көлік министрінің орынбасары Верика Ечменица қарсы алды.

«Астана мен Белград арасындағы тікелей рейстердің ашылуы Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа бағыт екі ел арасындағы бизнес, туризм және мәдени ынтымақтастық үшін жаңа жол ашады», – деп атап өтті Талғат Ластаев.

Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 40 минут. Бұл бағыт бойынша жолаушылар тарапынан жоғары сұраныс күтілуде – алғашқы рейсте 92 жолаушы болды.

Астана-Белград-Астана рейстері аптасына екі рет (дүйсенбі және бейсенбі) заманауи Boeing 737 ұшақтарымен орындалады.

SCAT Airlines қазіргі уақытта еуропалық қалаларға да рейстер орындайды:

Астана - Прага – аптасына екі рет (сейсенбі және сенбі);

Шымкент - Будапешт – аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі);

Шымкент - Мюнхен – аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі).

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті