Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин мен Сербия Премьер-Министрі Милош Вучевич ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Серік Жұманғарин мен Сербия Премьер-Министрі Милош Вучевич ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қазақстандық делегацияның биылғы 5 қыркүйектегі Белградқа ресми сапары аясында Сербия Премьер-Министрі Милош Вучевичпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, ғарыш және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Вице-премьер Серік Жұманғарин Сербия Қазақстанның Балқандағы жақын және сенімді серіктесі екенін атап өтті. Белградта қазақстан-сербия үкіметаралық комиссиясының III отырысын өткізу өзара қарым-қатынастардың тұрақты дамуын айғақтайды.

Премьер-Министр Милош Вучевич елдер арасында қалыптасқан достық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Сербияның цифрлық технологиялар мен ғылыми жетістіктерді ауыл шаруашылығына енгізу саласындағы оң тәжірибесі айтылды. Қазақстанға осы бағыттағы ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. 

Қазақстан мен Сербия арасында тұрақты тікелей әуе рейстерін ашу туралы қазақстандық тараптың ұсынысы оң қабылданды.  

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Сербия қатынастары қосымша серпін алып, қарқынды дамуын жалғастыратынына сенім білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты