Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
- Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
- Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; 
- Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды; 
- Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды. 
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы лауазымынан босатылды;
- Дмитрий Леонидович Михно Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.