Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

TikTok Серік Жұманғаринге Қазақстандағы бизнеске цифрлық платформаның ықпалы жөніндегі зерттеу нәтижелерін таныстырды

TikTok Серік Жұманғаринге Қазақстандағы бизнеске цифрлық платформаның ықпалы жөніндегі зерттеу нәтижелерін таныстырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Моңғолия елдері бойынша TikTok компаниясының мемлекеттік органдармен және корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Сергей Соколовпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде TikTok пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижелері таныстырылды. Зерттеу Қазақстанда цифрлық платформалардың кәсіпкерлікке тигізетін ықпалын бағалауға арналған. Сауалнамаға елдің 20 өңірінен 300-ден астам шағын және микро бизнес өкілдері қатысты. Бұған дейін осындай зерттеулер TikTok тарапынан АҚШ, Ұлыбритания, Мексика және Сауд Арабиясында да жүргізілген.

Екі жыл бұрын Мемлекет басшысы мен платформаның бас директоры кездескен болатын.

«Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталов TikTok-пен әріптестік нақты нәтижелер беріп жатқанын атап өтті.

Мәселен, «Бір өнім – бір ауыл» жобасы аясында кәсіпкерлер TikTok құралдарын пайдаланып, өз өнімдерін онлайн ілгерілету және сатылымды арттыру тәсілдерін үйренді. Зерттеу нәтижелері бизнес белсенділігі мен қаржылық көрсеткіштердің TikTok-тағы жұмысқа тікелей байланысты екенін көрсетті.

«Апта сайын контент жариялайтын әр сегізінші компаниялардың табысының жартысынан астамын дәл осы платформадан табады. Ал жалпы 63% кәсіпорын жылдық табысының кем дегенде 5%-ы TikTok арқылы қалыптасатынын айтты», — деді Райымбек Баталов.

«Даму» қорымен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге TikTok құралдарын тиімді пайдалану бойынша оқыту бағдарламасын кеңейту жоспарлануда. Сонымен қатар Райымбек Баталовтың айтуынша, шағын бизнестің дамуына заманауи цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен енгізу – «Атамекен» палатасының басты міндеттерінің бірі. Бұл бағыт Үкіметпен бірлесіп әзірленіп жатқан қаржылық, қаржылық емес және инфрақұрылымдық қолдау шараларымен қатар, TikTok секілді ірі халықаралық платформалардың тәжірибесін қамтиды.

Сергей Соколовтың айтуынша, Қазақстан – аймақтағы ең жылдам дамып келе жатқан нарықтардың бірі. 

«TikTok мүмкіндіктерін пайдалану әлеуеті мұнда әлі толық ашылған жоқ. Біз "Атамекенмен" және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бизнестің цифрландыру деңгейін жаңа сатыға көтеруге дайынбыз», — деді ол.

Зерттеу деректеріне сәйкес, TikTok-та ең жоғары нәтижелерге шығармашылық және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар — қонақ үй және демалыс индустриясы, ойын-сауық, сұлулық пен денсаулық қызметтері көрсетіп отыр.

Білім беру және туризм бағытындағы контент те сұранысқа ие — қазақстандық мұғалімдердің, мәдени және туристік жобалардың бейнежазбалары миллиондаған қаралым жинаған.

Кездесуде цифрлық қауіпсіздік, онлайн орта мәдениеті мен тұрақты даму мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар уәкілетті органдармен бірлесе жүзеге асырылады.

Серік Жұманғарин TikTok бастамалары мен зерттеу нәтижелерін оң бағалап, Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік блогы осы бағыттағы жұмыстарға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті