Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Үкіметте кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Фото: primeminister.kz

Үкімет аппаратында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты. Олар қазіргі реттеу ортасының жай-күйі мен бизнес саласындағы негізгі мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында бірқатар маңызды бағыттар бойынша реттеушілік әсерге жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралды. Негізгі мәселелердің бірі жеңіл өнеркәсіп тауарларының таңбалануын және қадағалануын енгізу, сондай-ақ жоғары вольтты жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілеу болды. Зияткерлік меншік құқықтарының объектілерін пайдалануды бақылау, сондай-ақ жоғары вольтты жабдықтың белгіленген стандарттарға сәйкестігін міндетті түрде растау мәселелері талқыланды.

Талқылаудың маңызды бөлігі кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының ұсынымдары болды.

Мемлекеттік реттеуші органдар мен комиссия мүшелері ұсынған тұжырымдар негізінде реттеушілік әсерге жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралып, мақұлданды.

Серік Жұманғарин бизнес-қауымдастықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік реттеуші органдарға енгізіліп жатқан реттеу құралдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Бұдан бөлек, отырыста бизнестің өзекті мәселелерін шешу үшін Ұлттық экономика вице-министрі төрағалық ететін әрі «Атамекен» ҰКП тең төрағалығымен жұмыс тобын құру ұсынылды. Бұл жұмыс тобы екі аптада бір рет тұрақты түрде бас қосып, әр сала бойынша кәсіпкерлер тап болатын мәселелерге назар аударатын болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты