Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда TikTok бұғатталмайды, бірақ талаптар бар

Қазақстанда TikTok бұғатталмайды, бірақ талаптар бар
Фото: depositphotos.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазақстандағы TikTok платформасы елдің талаптарына сай болса бұғатталмайтынын айтты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның қандай талаптар екенін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әбдіқалықов түсіндіріп берді. Оның айтуынша, заңсыз контент немесе жеке деректердің сыртқа шығуы анықталса, платформа бұғатталуы мүмкін.

Руслан Әбдіқалықов ғаламтордағы заңсыз контентті қадағалап, ақпаратқа қолжетімділікті шектеуге Мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты екенін де атап өтті.

"Бізге еліміздің азаматтарынан TikTok платформасында жеке мәліметтерді тарату фактілері туралы бірде-бір шағым түскен жоқ. Егер біз мұндай фактілерді анықтасақ, тиісінше, бірінші кезекте TikTok әкімшілігімен тікелей байланысамыз. Екіншіден, байланыс туралы заңнамаға сәйкес егер біздің келіссөзіміз сәтсіз болса, ал олар бұйрық шығарып қойса, біз өз әріптестерімізге жүгінеміз. Егер қандай да бір платформа біздің еліміздің заңды талаптарын орындаудан бас тартса, біз оның қолданысын шектеуге мәжбүр боламыз. Бұл тек TikTok-қа ғана қатысты емес, кез келген платформаға қатысты", - деді Әбдіқалықов.

Цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті де Telegram Қазақстанда өз кеңсесін ашып, ресми өкілді тағайындауды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратты растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады