Қалада «Бірлік, тазалық және жауапкершілік» ұранымен өткен ALMA LOVE онкүндігі аяқталды. Оған мыңдаған жас алматылық қатысты. Биыл фестиваль Алматы әкімі қолдауымен жаңа форматта ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараны қалалық Жастар саясаты басқармасы өткізді. 10 күн бойы Алматының түрлі аудандарында:* экологиялық челлендждер;* «Jastar Talks» мотивациялық кездесулері;* квесттер мен би сайыстары;* әлеуметтік жобалар көрмесі және «Жайдарман» ойындары өтті. Фестивальге 30 мыңнан астам адам қатысты. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен гранд финал 5 мыңнан астам қатысушының басын қосты.
Жас көшбасшылар мен еріктілерге қала әкімі атынан алғыс хаттар табысталды. Гала-концертте Dosekesh, Нұрболат Қанай, Еркеш Хасен, Yenlik өнер көрсетті. Кештің хедлайнері – Қайрат Нұртаc.