Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа жолдар, мектеп және жұмыс орындары — Алматы қарқынды дамып келеді

Жаңа жолдар, мектеп және жұмыс орындары — Алматы қарқынды дамып келеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы экономикалық өсуді қалалық ортаны жақсартумен ұштастыра отырып, қарқынды дамып келеді. Мегаполисте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл соңына дейінсквер, аллея және серуен аймағы сынды ондаған қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы толық аяқталады. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымы жаңартылып жатыр: ұзындығы 264 км болатын 318 көшеде орташа жөндеу басталды. Жоспарланған 35 км жаңа жолдың 25 км-і қолданысқа берілді, ал алты көшеде құрылыс жұмысы жалғасып жатыр.

Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша биыл жылдың басынан бері 26 нысан пайдалануға берілді, ал жыл соңына дейін тағы 30 нысанның құрылысы аяқталады.

Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 22 500 орынға арналған 12 жаңа мектеп салынды. Оның жетеуі жаңа оқу жылында ашылды, қалған бесеуі екінші оқу тоқсанында пайдалануға беріледі.

2030 жылға дейін 32 жаңа медициналық мекеме салынып, 14 денсаулық сақтау нысанын жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта Алматыда 8 медициналық нысанның құрылысы қолға алынған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті