Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада велоинфрақұрылым қалай дамып келеді

Астанада велоинфрақұрылым қалай дамып келеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада «экологиялық» көлік мінетіндер саны артып келеді. Оны танымал ету үшін қалада тиісті инфрақұрылым белсенді түрде дамуда. Бүгінде веложолдардың ұзындығы 152 шақырымнан асты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада экологиялық көлік қарқынды дамып келеді. Қалада 1 500 бірлік электркөлік, 90 электрқұю станциясы бар. Сондай-ақ, велоинфрақұрылымды салу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда веложолдардың ұзындығы 152,75 шақырымды құрайды.

Еске салайық, 2018 жылы Есіл ауданында ұзындығы 34 шақырым болатын «Велосипед көлігін дамыту» жобасының бірінші кезеңі іске қосылды. Бұл учаске Орталық саябақ пен «Жасыл белдеу» веложолын жалғады. «Жасыл белдеу» аумағында ұзындығы 23 шақырым болатын жол торабы салынды.

2020 жылы ұзындығы 89 шақырым болатын велосипед көлігінің екінші кезеңдік инфрақұрылым жобасы әзірленді. 2021 жылы Мүсірепов, Абылай хан, Құдайбердіұлы, Қошқарбаев көшелері мен Мәңгілік Ел даңғылы бойында 7,5 шақырым веложол салынды.

2024 жылы Мәңгілік Ел даңғылын қайта жөндеу жұмысы аясында ұзындығы 3 шақырымдық (бірінші кезең) веложол төселді. Ал Қабанбай батыр даңғылы бойында Сығанақ көшесінен ипподромға дейін ұзындығы 6 шақырымнан асатын веложол салынды.

Биыл Сығанақ көшесінде (Қабанбай батырдан Тәуелсіздікке дейін) ұзындығы 0,4 шақырым веложол, Мәңгілік Ел даңғылының екінші кезеңдік қайта жөндеуінде (Ұлы Даладан Қабанбай батырға дейін) ұзындығы 1 шақырым веложол салынды. Құрылыс жалғасып жатыр, оны осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті