Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы қаласының әкімі әлеуметтік және қоғамдық нысандардың құрылыс барысымен танысты

Алматы қаласының әкімі әлеуметтік және қоғамдық нысандардың құрылыс барысымен танысты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында бірқатар құрылыс нысанын аралады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, олар Назарбаев даңғылының батыс жағында, Ганди көшесінің солтүстігінде орналасқан жаңа сквер, сондай-ақ «Алтын Сити» және «Жеті Қазына» тұрғын кешендерінде салынып жатқан мектептер.

Алдымен әкім Назарбаев даңғылының батысында және Ганди көшесінің солтүстігінде орналасқан сквердің құрылысын көріп шықты. Республика күніне орай ашу жоспарланған нысан қазір 97% дайын.


Сквер аумағында қыста мұз айдыны ретінде пайдаланылатын тоған салынды. Бүгінде жүргіншілер мен жүгіру жолдары, асфальт жабындысы, автосуару және сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары аяқталуға жақын. 95 қылқанжапырақты және 228 жапырақты көшет отырғызылды, қосымша 469 қылқанжапырақты және 384 жапырақты бұта, сондай-ақ көпжылдық өсімдіктер егілген. Сонымен қатар ескі қоршаудың металл құрылымдары мен іргетасына реставрация жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрылыс толық аяқталған соң сквер қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа демалыс аймағына айналмақ. Дархан Сатыбалды жарық шамдарының санын арттыруды және көгалдандыру кезінде жергілікті талдар мен бұталардың түріне басымдық беруді тапсырды.

Әрі қарай әкім «Алтын Сити» тұрғын кешенінде 1 500 орындық мектептің құрылыс барысымен танысты. Жоба «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында қолға алынған. Қазіргі дайындық деңгейі 70%. Құрылысқа 130 жұмысшы және 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Жоба бойынша мектеп аумағында футбол алаңы, спорт және акт залы, асхана, ойын және спорт алаңшалары, сондай-ақ көріктендірілген аумақ қарастырылған. Мектеп заманауи жабдықтармен және ұлттық стандарттарға сай оқу кабинеттерімен қамтамасыз етіледі.

Сапар соңы «Жеті Қазына» тұрғын кешенінің маңында салынып жатқан 2 000 орындық мектеппен аяқталды. Бұл жоба да «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатыр. Нысан 40% дайын. Құрылысқа 95 жұмысшы және 10 бірлік техника тартылған. Мектепті де жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр. Онда заманауи оқу кабинеттері, спорт және акт залдары, футбол алаңы, асхана, балалар алаңшалары мен көріктендірілген аумақ болады.

Жұмыс сапарын қорытындылаған қала әкімі барлық құрылыс нысанында жұмысшылар мен арнайы техниканың санын көбейтуді, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті