Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында жерасты зертханасы жойылды

Жетісу облысында жерасты зертханасы жойылды
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында жерасты зертханасы жойылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жедел іс-қимылының нәтижесінде синтетикалық есірткінің таралуына тосқауыл қойылып, жүздеген адам есірткі зұлымдығының құрбаны болудан аман қалды. Ескелді ауданы аумағында жүргізілген арнайы операция кезінде құқық қорғау органдары жасырын және мұқият жабдықталған жерасты зертханасын анықтады. Тергеу барысында екі шетел азаматы мен Астана қаласының тұрғыны синтетикалық есірткі өндірумен айналысқаны белгілі болды.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері кәсіби зертханалық құрал-жабдықтарды, 6,4 келіден астам мефедрон есірткі затын, сондай-ақ өндірістік мақсатта пайдаланылмақ болған прекурсорлардың қалдығы бар 200 литрлік реакторды тәркіледі. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының мамандандырылған сотының үкімімен үшеуі де кінәлі деп танылып, әрқайсысы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Полицияның мәліметінше, атқарылған жедел шаралардың арқасында ірі есірткі тобының әрекетіне нүкте қойылып, көптеген адам өмірін жалмауы мүмкін қайғылы оқиғалардың және жаңа тәуелділіктердің алдын алынды.

Полиция тұрғындарды қоғамдағы қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырады. Егер есірткіні пайдалану, сақтау немесе тарату фактілері туралы ақпарат білсеңіздер, дереу 102 нөміріне немесе полицияның ресми әлеуметтік желілеріндегі жеке хабарламалар арқылы хабарлауға болады. Анонимдікке толық кепілдік беріледі. Әрбір дерек – бір адам өмірін сақтап қалуға және қоғамды есірткі дертімен күресте бір қадам алға жылжытуға мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті