Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында мефедрон өндіретін жасырын есірткі зертханасы әшкереленді

Қарағанды облысында мефедрон өндіретін жасырын есірткі зертханасы әшкереленді
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында мефедрон өндіретін жасырын есірткі зертханасы әшкереленді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Қарағанды облысының полиция қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Солардың бірі – Бұқар-Жырау ауданының Жаңақала ауылында анықталған жасырын есірткі зертханасы. Жедел-іздестіру шаралары барысында синтетикалық есірткі — мефедрон өндірісімен айналысқан зертхана қызметі тоқтатылды. - Арнайы тінту кезінде тәртіп сақшылары бір тоннаға жуық химиялық прекурсор мен 500 грамнан астам дайын есірткі затын тәркіледі. Күдікті — Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекс бойынша іс қозғалды, - дейді  Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов. Бұл биылғы жылы анықталған екінші ірі есірткі зертханасы. Бұған дейін Асыл ауылында жүргізілген арнайы операция барысында тәртіп сақшылары 200 келіге жуық есірткі және оны өндіруге арналған кәсіби жабдықты тәркілеген болатын. Осы іске қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 25 жастағы ер азаматы мен 29 жастағы әйел ұсталды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Құқық қорғау органдары есірткі өндірісіне және таралуына қатысы бар барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді шараларды қолға алды. Полиция есірткі қылмыстарына қарсы күрес – құқық қорғау органдарының басты басымдығы болып қала беретінін атап өтеді. Заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі әрі үздіксіз жалғасын табады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді