Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жауапты мердігерлер ғана қалады – қаладағы құрылыста сапасыз жұмысқа жол берілмейді

Алматыда жауапты мердігерлер ғана қалады – қаладағы құрылыста сапасыз жұмысқа жол берілмейді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі мемлекеттік сатып алуға қатысатын мердігер ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейтіп отыр. Қала басшылығы мерзімді бұзатын, стандартты сақтамайтын және міндеттемелерін орындамайтын компаниялардың жолын кеседі. Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біздің ұстанымымыз айқын әрі қатаң: Алматыда тек жауапты мердігерлер жұмыс істеуге тиіс. Жеңіл пайда табуға, сапасыз жұмыс істеуге келгендерге мұнда орын жоқ. Біз адал бизнесті қолдаймыз, ал тәртіп бұзғандарға ең қатаң шара қолданамыз», – деді қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов.

2025 жылы тоғыз айда Алматыда Бірыңғай сатып алу ұйымдастырушысы жалпы құны 750 миллиард теңгеден асатын 1 274 байқау өткізген. Оның басым бөлігі құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларға тиесілі. Алайда кейбір мердігерлер белгіленген көлеммен жұмыс істеуге қауқарсыз болып, не тапсырыстарды үшінші тұлғаларға беріп, нәтижесінде жұмыс кестесінің бұзылуына себеп болып отыр.

Республикалық деңгейде сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізілді: енді мердігерлерді іріктеу кезінде олардың орындаған жобаларының күрделілігі ескеріледі. Бұл тәжірибе кездейсоқ немесе әлсіз компаниялардың қатысуын шектейді. Сонымен қатар қала әкімдігі жауапкершілікті арттыру жөнінде ұсыныстар жолдады: міндетіне салғырт қараған жеткізушілер тізімінде болу мерзімін ұзарту мен айыппұл мөлшерін ұлғайту көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады