Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы жатақхана құрылысы қала әкімінің ерекше бақылауында

Алматыдағы жатақхана құрылысы қала әкімінің ерекше бақылауында
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында 2025 жылдың басынан бері 4 жекеменшік және 2 жоғары оқу орнына тиесілі жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 5 жатақхананың құрылысы аяқталып, іске қосылады. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков  мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз үшін Алматыда білім алып жатқан студенттердің жайлы жағдайда тұруы аса маңызды. Осы бағытта инвесторларды қолдаймыз, жоғары оқу орындары мен жеке әріптестер үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынамыз. Бұл жай ғана құрылыс емес, бұл ертең қаланы дамытуға атсалысатын жастарға жасалған инвестиция», - деді Азамат Қалдыбеков.

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында қалада жалпы сыйымдылығы 1 115 орынға арналған 6 жатақхана іске қосылды. Оның төртеуі жекеменшік, екеуі жоғары оқу орындарына арналған. Жыл соңына дейін тағы 4 934 орынға арналған 5 нысан пайдалануға беріледі.

Жобалардың жүзеге асу қарқынын арттыру және бизнестің қызығушылығын күшейту мақсатында Алматыдағы ұлттық жоғары оқу орындары үшін ғимараттарды жатақханаға бейімдеуге берілетін мемлекеттік тапсырыс мөлшері ұлғайтылды. Бұрын бұл көрсеткіш бір орынға 92 АЕК болса, енді ол 182 АЕК-ке дейін артты.

Бұл инвесторлар үшін әжептәуір ынталандыру болып отыр. Соның нәтижесінде жатақхана салу жеделдеп, студенттер заманауи әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Студенттік жатақханалар инфрақұрылымын дамыту – жастар үшін жайлы қала қалыптастырудағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Бұл қалада әрбір студент сапалы білім алып, дамып, өзінің әлеуетін толықтай жүзеге асыра алуға тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті