Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте ретсіз сауданы ретке келтіру шаралары бойынша атқарылған жұмыстар пысықталды

Шымкентте ретсіз сауданы ретке келтіру шаралары бойынша атқарылған жұмыстар пысықталды
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Кәрімов Айдын Мейрамбекұлының тапсырмасымен шаһардағы барлық басқарма басшылары мен аудан әкімшілігі мамандарының қатысуымен ретсіз сауданы ретке келтіру шаралары бойынша жиналыс өтті. 

Қала аумағындағы ретсіз сауда ошақтарында жалпы 215 адам заңсыз саудамен айналысатындығы анықталып, заңсыз дүңгіршектерді түбегейлі жойып, орнына қала келбетіне сай келетін бірыңғай эскизде (жеміс-жидек, фаст-фуд, гүлдер) заңдастырылған дүңгіршектерді Жер кодексіне сәйкес аукционмен ұсыну жобалары қарастырылды.

Жиналыста ретсіз сауданы жою мақсатында Қазақстан Республикасының «Жер кодексіне» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес қаланың тиісті аумағын абаттандыру жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жер учаскелерін аудан әкімдіктерінің балансына беру арқылы ретке келтіру мәселелері көтеріліп, сауда объектілерінде әлеуметтік қатарларды ұйымдастырып, кәсіпкерлерге сауда орындарын беру жағдайлары көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қала аумағында жалпы ауданы 643 мың ш.м. құрайтын 36 базар жұмыс істейді. ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Талаптарға сәйкес 19 базар модернизациядан өтуге жатады.

Оның ішінде, 12 базарда («Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай (Алатау)», «Акбар», «Иманалиев» мал базары, «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек Жолы», «Жаңа шахар», «Назым апа», «Көмеш бұлақ») реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, 7 базарда («Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Айна», «Дархан», «Самал», «Нұр Сайрам») модернизациялау жұмыстары жүргізіліп, сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келтірілуде. Оның ішінде, ағымдағы жылы «Нұр Сайрам» және «Дархан» базарларында қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталатын болады.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының қонақтары мен тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында сауда базарларында ақпараттық стендтер орнатылды. Бүгінгі таңда, қала аумағында орналасқан базарлар өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық, ветириналық талаптарға сәйкес келтіру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді