Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Душанбе халықаралық инвестициялық форумы – 2025» барысында Қазақстан–Тәжікстан ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды

«Душанбе халықаралық инвестициялық форумы – 2025» барысында Қазақстан–Тәжікстан ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды
Фото: primeminister.kz

Душанбе қаласында «Жасыл инвестициялар: тұрақты болашақ үшін қазіргі мүмкіндіктер» тақырыбында екінші «Душанбе халықаралық инвестициялық форумы – 2025» өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон ашты.

Форумға 30-дан астам елден келген 600-ден астам шетелдік қонақтар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастап барды.

Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде қазақстандық делегация басшысы форумның екі ел үкіметі мен компаниялары арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды құралына айналғанын атап өтті. Күн тәртібінде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, көлік және логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы және басқа да салалардағы өзара байланыстарды нығайту мәселелері қаралды.

Роман Скляр форумда белгіленген бағыттар қазіргі инвестициялық саясаттың негізіне айналып, Қазақстанда кең қолдау тауып отырғанын атап өтті. Еліміз жасыл трансформация, энергия тиімділігін арттыру және өнеркәсіпті цифрландыру бағытын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.

Тараптар қабылданған шешімдер екіжақты қатынастарды барлық бағыттар бойынша одан әрі нығайтып, тереңдете түсуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Келесі Душанбе халықаралық инвестициялық форумын 2027 жылы Тәжікстанда өткізу жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті