Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Тәжікстан 2025-2027 жылдарға арналған екіжақты тауар айналымын ұлғайту жөніндегі Жол картасына қол қоюға дайындалуда

Қазақстан мен Тәжікстан 2025-2027 жылдарға арналған екіжақты тауар айналымын ұлғайту жөніндегі Жол картасына қол қоюға дайындалуда
Фото: primeminister.kz

19 шілдеде Душанбе қаласында Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрлерінің бірінші орынбасарлары Роман Скляр мен Хоким Холикзодтың төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Отырыста екі елдегі экономикалық жағдай, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Энергетика, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, цифрландыру және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Орталық Азияда су, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру, бірлескен кәсіпорындар құру және су-энергетикалық ынтымақтастықтың кешенді тетігін әзірлеу жөніндегі нақты шараларға ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға алдағы сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына қол қоюды пысықтауға келісті.

Роман Скляр өз сөзінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара іс-қимыл екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен перспективасы бар әріптестік пен тату көршілік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бұған өткен жылы 39 коммерциялық келісімшартқа қол қойылған Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумының нәтижесі дәлел бола алады.

Роман Скляр қабылданған шешімдер Қазақстан-Тәжікстан ынтымақтастығының барлық бағыты бойынша екіжақты қатынастарды дамытуға қосымша серпін беретініне және екі ел арасындағы байланысты нығайтатынына сенім білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру туралы хаттамаға қол қойылды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті