Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр Бавария Үкіметінің өкілдерімен кездесті

Роман Скляр Бавария Үкіметінің өкілдерімен кездесті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Баварияның Экономика, жерді дамыту және энергетика министрлігінің статс-хатшысы Роланд Вайгерттің кездесуі барысында Қазақстан мен Бавария ынтымақтастығының перспективалары талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесу барысында қазақ-неміс сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын тереңдету, «жасыл экономиканы» дамыту, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Бавария Үкіметінің өкілдерін қарсы алған Роман Скляр Германия Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика саласы және т.б. сияқты басым бағыттар бойынша әріптестікті одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірді.

Бавария делегациясының басшысы Роланд Вайгерт екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалады. Ол Неміс компанияларымен жұмыс жөніндегі арнайы жұмыс тобының тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар делегация өкілдері неміс бизнесінің кен орындарын игеруге қатысуына, экономиканың энергетикалық және көлік салаларында ынтымақтастықта болуына қызығушылық танытты. 

Соңында «сұрақ-жауап» форматында пікірталас өтті, оның барысында қатысушылар практикалық мәселелерді іске асыру барысын талқылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады