Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр Тәжікстанда өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының отырысына қатысты

Роман Скляр Тәжікстанда өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының отырысына қатысты
Фото: primeminister.kz

2023 жылғы 5 маусым күні Душанбе қаласында Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Отырысқа ХАҚҚ басқарма мүшелері – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қатысты.

Отырыс барысында ХАҚҚ-тың құрылғанына 30 жыл толуына дайындық және мерекелеу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын, Арал теңізі бассейніндегі елдерге көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын (АТББ-4) іске асыру, ХАҚҚ-тың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру, Сырдария және Амудария өзендері бассейндеріндегі су ресурстарын есепке алу және мониторингілеуге арналған заманауи жабдықтарды енгізу, сондай-ақ БҰҰ Су конференциясының қорытындылары (2023 жылғы 22-24 наурыз, Нью-Йорк).

Сонымен қатар 2023 жылғы 6 маусымда ХАҚҚ басқарма мүшелері Халықаралық Аралды құтқару қорының 30 жылдығына арналған «Орталық Азия: күшті аймақтық институт арқылы орнықты болашақ жолында» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Қазақстандық делегацияның басшысы өз сөзінде су-энергетика саласындағы ынтымақтастық, тұрақты даму мәселелері бойынша өңірлік өзара іс-қимылдың күшеюін және Қазақстан Республикасының ХАҚҚ әлеуетін одан әрі нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Орталық Азия елдерінің су-энергетика мәселелері бойынша өзара тәуелділігін ескере отырып, Роман Скляр су, энергетика, азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін ХАҚҚ базасында су-энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзара тиімді механизмін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Конференцияға қатысушыларды Арал өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін күш біріктіруге шақырды.

Сол күні Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерін Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Тәжікстан басшысы жиынға қатысушыларды қарсы алып, Халықаралық Аралды құтқару қорының 30 жылдығымен құттықтады.

Қордың 30 жылдық кезеңі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелердің күрделі кешенін шешуге арналған бірлестік ретінде өзінің өзектілігін айқын көрсеткені атап өтілді. Сондай-ақ Қордың практикалық қызметінде маңызды мәселелер және біздің өңірдің көптеген экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелері шешілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді