Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада өтетін жәрмеңкеде Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының шаруалары 650 тоннадан аса өнім ұсынады

Астанада өтетін жәрмеңкеде Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының шаруалары 650 тоннадан аса өнім ұсынады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада 13-14 қыркүйек күндері кезекті аймақтық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Қызылорда және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде аталған өңірлердің шаруалары ет, балық, сүт, бақша өнімдері, бакалея, көкөніс пен жеміс-жидек сынды түрлі тауарды ұсынады. Барлық өнім тікелей фермерлерден жеткізіледі. Бұл – азық-түліктің қолжетімді болуына әрі отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.Астанаға 650 тоннадан астам өнім әкелінеді. Оның ішінде 210 тонна бақша дақылдары, 200 тонна бакалея өнімдері, 90 тонна ет пен ет өнімдері, 60 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 24 мың дана жұмыртқа, 22 тонна балық, 17 тонна сүт өнімдері, шамамен 30 тонна өзге де азық-түлік бар.

Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары өңірлік шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасын тамашалай алады. Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.Айта кетейік, биылғы жәрмеңке «Қазанат» ипподромы автотұрағы аумағында (Қарқаралы тас жолы, 1) өтіп жатыр. Іс-шараға қатысушылардың ыңғайлығы үшін №18, №37 және №303 автобустар қатынайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті