Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдері талқыланды

Астанада әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдері талқыланды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Social Innovation Hub орталығында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және өңірлердегі әлеуметтік бизнесті қолдаудың жаңа тәсілдеріне арналған воркшоп өтті. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлерді біріктіретін бірегей кеңістік – Social Innovation Hub-та ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиынға кәсіпкерлік басқармаларының басшылары, Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін қалыптастыру жөніндегі арнайы комиссиялардың хатшылары, сондай-ақ өңірлік ӘКК басшылары қатысты. Воркшопта мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары бойынша уәкіл Кенжеғұл Сейітжан, Астана қаласы кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті Гүлмира Пармышева сөз сөйлеп, елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қандай жағдай жасалып жатқанын баяндады.

«Кәсіпкерлік туралы кодекске әлеуметтік кәсіпкерлікті енгізгеннен бастап Астана әкімдігі тарапынан қолдау көп көрсетіліп келеді. Атап айтар болсақ, бүгінге дейін әкімдіктен 58 әлеуметтік кәсіпкерге қайтарымсыз грант, 28 кәсіпкерге «Даму» қоры арқылы төмендетілген пайызбен несие, 19 кәсіпкерге Әлеуметтік кәсіпкерлік қауымдастығы арқылы тұрғын үй емес осындай ғимараттар төмен бағада жалға берілді. Әлеуметтік кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау шаралары да қарқынды жүргізілуде. Себебі бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлердің жалпы кәсіпкерлік саласындағы рөлі жоғары. Бүгін біз отырған хаб та – сол жұмыстардың жемісі, соның арқасында Орта Азияда бірінші болып Қазақстанла әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау хабі пайда болды. Бұл жерде жаңа көргеніміздей ішінде арнайы мәжіліс залы, шоу рум, әлеуметтік кофехана, фото студия, коворкинг алаңы және тағы басқа да залдары бар. Мұнда тек елорданың ғана емес, өңірлердің әлеуметтік кәсіпкерлері мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алуға, білімін арттыруға емін-еркін келе алады», – деді Қ.Сапаров.

Бұл – Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар үшін ұйымдастырып отырған төртінші воркшопы. Воркшоп бағдарламасына сай бірнеше тақырыпта панелдік сессиялар өтіп, соның аясында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік шолуын ұсынды және үздік тәжірибесімен бөлісті, сектордың негізгі сын-қатерін талқылады. Басты мақсат — тәжірибе алмасу, жүйелі кедергілерді жою бойынша шешімдер әзірлеу және әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа құралдарын іздеу.Бүгінде Қазақстанда 1520 Әлеуметтік кәсіпкерлік субьектісі болса, соның ішінде ең көбі, яғни 268-і Астанада орналасқан. Ел бойынша ӘКС білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер, өңдеу өнеркәсібі, өнер, ойын-сауық, демалыс, сауда және басқа да салалар бойынша дамытылуда. Соның ішінде елорда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жағынан өзгелерге үлгі болып отыр. Күннің екінші жартысында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдерімен ашық пікірталас өтті. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу рәсімін жетілдіру, әлеуметтік бастамаларды дамытудағы ӘКК рөлі және сектораралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шаралар әлеуметтік кәсіпкерлік секторын жүйелі түрде нығайтуға және оны өңірлік деңгейде қолдаудың тұрақты тетіктерін дамытуға ықпал етеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті