Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімдігінде кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды

Жамбыл облысының әкімдігінде кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды

Жамбыл облысының әкімдігінде кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Кеңеске Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма, департамент басшылары мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Ұлттық жобаны ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірледі. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаттары: халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту; экономика салаларын әртараптандырудың орта бизнес-драйверіне сүйену; бәсекелестікті кешенді дамыту-кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай. Жобаның негізгі 10 индикаторының 2-і кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына, 4-і жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, қалғаны туризм басқармасына бекітілген.

- Жоспарға сәйкес қаржылық қолдау алған субъектілер саны 282-ге дейін жеткізілуі тиіс еді, аталған жоспар асыра орындалып, 21,6 млрд.теңге сомасына 871 жоба қаржыландырылды. Ауылдарда 2022 жылға арналған жаңа кәсіпкерлік субъектілерін құру индикаторы бекітілді. Бүгінгі таңда, ауылдарда 3382 шағын және орта бизнес субъектісі құрылды, бірақ Мойынқұм және Жуалы аудандарының әкімдіктеріне осы бағытта жұмыс жүргізу тапсырылды, өйткені, жоғарыда аталған аудандар көрсеткіштерге қол жеткізе алмады,- кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев баяндап берді.

Сонымен қатар, туризм басқармасының басшысы Б.Күзембеков, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ. Олжабай, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Е. Атымтаев, Қордай ауданының әкімі М. Мұсаев бұл бағыттағы жұмыстар туралы баяндама жасады.

Қаралған келесі бағыт қолөнершілер арасында бизнесті дамытуға қолдау көрсету болды. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға мемлекеттік қолдауды әрқайсысына жеткізу бойынша жұмыс жүргізу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

- Экономиканы одан әрі дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын қолдана отырып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру өте маңызды, - деп атап өтті Н.Нұржігітов.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты