Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі экономиканың негізгі салаларын дамытуға арналған 8 жобаны қарады

Алматы әкімі экономиканың негізгі салаларын дамытуға арналған 8 жобаны қарады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық штабтың отырысын өткізді. Отырыста қаланың негізгі экономикалық салаларын дамытуға бағытталған 8 жоба қаралды. Жобалар фармацевтика, құрылыс, туризм, халық тұтынатын тауарлар өндірісі, IT және цифрландыруды қамтиды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала басшысы индустриялық аймақтарда іске асырылатын жобаларды іріктеу кезінде жоғары қосылған құнға ие, экспорттық әлеуеті бар және инновациялық технологияларды енгізетін бастамаларға басымдық берілуі тиіс екенін атап өтті.

«Әрбір инвестициялық жоба Алматыға тек экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, айқын әлеуметтік әсер беруі керек – өндірісті дамытуға, салық түсімдерін арттыруға және қала тұрғындары үшін жұмыс орындарын ашуға ықпал етуі қажет. Біздің мақсатымыз – берілген әрбір жер учаскесі қаланың және оның тұрғындарының игілігіне жұмыс істеуі», – деп атап өтті әкім.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады