Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы BYD электробустарын шығаратын орталыққа айналуы мүмкін

Алматы BYD электробустарын шығаратын орталыққа айналуы мүмкін
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Орталық Азиядағы BYD компаниясының басқарушы директоры Айван Цаоның кездесуі барысында Түрксіб ауданындағы «Астана Моторс» зауыты базасында электробустар өндірісін іске қосу жоспары талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында құрастырудан бастап құрамдас бөлікті өндіруге дейінгі жергілікті үлес кезең-кезеңімен артады. Бұл қала көлігін жаңғыртуға, экологияға мән беруге және жергілікті өнеркәсіпті дамытуға септігін тигізеді. Қауіпсіздігі жоғары, жүріс қоры ұлғайтылған және энергия тиімділігімен ерекшеленетін инновациялық Blade батареясы орнатылған BYD B12 электробусын шығару жоспарланып отыр.
«Экологиялық таза көлікті дамыту — Алматының стратегиялық басымдығы!» — деді әкім Дархан Сатыбалды. 

Бұл бастама ауаға бөлінетін зиянды заттарды азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қаланың өндірістік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. BYD әлемнің 400 қаласына 110 000-нан астам электробус жеткізген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады