Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» тақырыбында жалпыхалықтық фестиваль оздырылды

Орал қаласында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы»  атты жалпыхалықтық тіл фестивалі ұйымдастырылды. Аталмыш шараға өңірімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға және мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары, Ресей Федерациясының Самара, Саратов, Орынбор, Курган облыстары бойынша қазақ диаспорасының өкілдері,  үкіметтік емес ұйымдар және этно-мәдени орталықтар қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мерекелік шара мақсаты Қазақстан халқының тұтастығын сақтап, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, сондай-ақ жыл бойы өткізілген шараларды қорытындылау болып табылады. Шара барысында көрмелер және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып,  өңірімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырып, мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Құрмет грамоталары» және облыс әкімдігінің алғыс хаттарымен салтанатты түрде марапатталды.


Фестиваль аясында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты театрландырылған көрініс пен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тіл – тұтастық туы» атты этнокөрме және фотокөрме қойылды. Фотокөрмелерде жыл бойы өткізілген шаралардың фотосуреттері ұсынылса, этнокөрмелерде ұлттық мәдениеттеріне тән қолданбалы заттар, кітаптар, тіпті тағамдар қойылған. Атап өтер болсақ, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы, «Бирлик» әзірбайжан этно-мәдени орталығы, Татар мәдени орталығы, «Хаймат» неміс этно-мәдени орталығы, «Яик» фольклорлық-этнографиялық казак орталығы, «Еднання» украин этно-мәдени орталығы және Орыс мәдениеті орталығы көрермен назарына арнайы көрмелерін ұсынды.

Шара тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған сахналық қойылыммен бастау алды. Алғашқы құттықтау сөз Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевке берілді. Ғали  Нәжімеденұлы барша тұрғындар мен қонақтарды айтулы күнмен құттықтап, тіл жанашырлары мен облыстық тіл фестивалі аясында жыл бойы оздырылған шараларда танылған үздіктерді марапаттады. Келесі кезекте сахна төріне Ресей Федерациясының Самара, Саратов, Орынбор, Курган облыстары бойынша қазақ диаспорасының өкілдері шақырылып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Саратовтан келген шара қонағы Артур Махмедұлы өз кезегінде құттықтау сөз айтып, қандастарының жылы қарсылап жатқанына ризашылығын білдіріп өтті.


Шара барысында барлық марапат өз иесін тапты. Мерекелік жиын соңында өңірдегі тіл саясатын іске асыру жұмысының қорытындысы бойынша бейнеролик көрермен назарына ұсынылды.

Артур Махмедұлы Нұрмұхамбет, Ресей Федерациясының Саратов облысы бойынша қазақ ұлттық-мәдени автономиясының өкілі

Біз Ресей Федерациясының әр түрлі аймақтарынан жиналған қазақ жастарымыз. Ресейдің 3 қаласынан, атап өтер болсақ Саратов, Оренбург және Курган қалаларынан 13 адам келіп отырмыз. Отандастарымыздың жылы құшақпен қарсы алғандығы өте қуантты. Отбасымызбен ұлттық салт-дәстүрлерді ұстанып, Наурыз, Құрбан-айт сынды ұлттық мерекелерді дәстүрлі түрде тойлаймыз. Қазіргі таңда Ресейдегі қазақ жастары үшін онлайн форматта қазақ тілін үйренуге үлкен мүмкіндік жасалған. Мен өз басым бірнеше жыл бұрын ізденіп, үйреніп бастадым. Ана тіліме деген қызығушылығым жоғары. 

Баянгүл Қуандыққызы Семгалиева, Батыс Қазақстан облыстық тілдер дамыту басқармасының бас маманы:

Тіл айлығы аясында 5 қазанға дейін түрлі шаралар ұйымдастырылатын болады. Бүгін тіл айлығының ресми түрде ашылу салтанаты өткізілді. Аудан, облыс бойынша өңірімізде 1000-нан астам шара өткізу жоспарға алынған. Пандемияға байланысты шаралар онлайн форматта да оздырылады. Биылғы жылы тіл үйренушілер үшін үлкен мүмкіндіктер ашылды. Тіл курстары жаңа әрі ыңғайлы  форматта өткізілуде. 2020 жылғы әлеуметтік зерттеу бойынша облысымыздың 95%-ы қазақ тілін меңгерген. Былтыр арнайы бағдарламалар аясында 1800 адам қазақ тілі курсын өтсе, биыл әзірше тек басқарма басшылығымен 690 адам оқытылып отыр. Оның 30%-ы өзге ұлт өкілдері. Сонымен қатар, қазіргі таңда «СөйлеTime» атты клуб жұмыс жасауда. Клуб аясында өзге ұлт өкілдері грамматика, орфографиясыз қарапайым диалог құруға үйренеді.


Айбарша ЛЕКЕРОВА

Орал қаласы

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді