Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық экспорт Башқұртстанға шығуда

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңірлері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту шеңберінде Башқұртстан Үкіметінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі 2021 жылы қазақстандық экспортқа бағдарланған компаниялар үшін алғашқы онлайн бизнес-миссиясын ұйымдастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Іс-шараға қатысушылар: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, Қазан қаласындағы ҚР Бас консулдығының өкілдері, "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ, "Самұрық-Қазына" АҚ, "KazakhExport" ЭСК АҚ, сондай-ақ қазақстандық "Magnum", "Южный" және "Корзинка" сауда желілерінің өкілдері. Башқұртстан Республикасы Үкіметінің тарапынан РБ Сауда және қызмет көрсету министрінің орынбасары, РБ Сыртқы экономикалық байланыстар және Конгресс қызметі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, РБ Сауда-өнеркәсіп палатасының, Әлеуметтік тамақтану кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Башқұртстан өңірлік сауда желілерінің өкілдері қатысты.


Онлайн бизнес миссиясы аясында шикізаттық емес салалардағы 24 қазақстандық компания таныстырылды. Сондай-ақ, бизнес-миссия бағдарламасына сыртқы сауда келісімшарттары мен келісімдеріне қол қою мақсатында осы компаниялардың Башқұртстандағы әлеуетті контрагенттермен В2В-келіссөздері енгізілген болатын.


Қазақстан компанияларының тұсаукесерлерін өткізу барысында Башқұртстан өкілдері азық-түлік тауарларын өзара жеткізуге қызығушылық танытты, қазақстандық өнімдерге, әсіресе "Халал" сертификатымен шығарылған өнімдерге сұраныстың өсіп келе жатқанын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда