Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Алмалы ауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысына жауапты мердігерге мерзім мен сапаны қатаң сақтау жөнінде талап қойды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Алмалы ауданындағы Туркебаев көшесінде Кіші Абай көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі аралықта жүргізіліп жатқан кәріз желілерінің құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаға аудан әкімдігі тапсырыс берген. 15 шақырым инженерлік желілер тартылып, шамамен 1 700 абонент, яғни 6 800-ден аса тұрғын кәріз жүйесіне қосылмақ. 2024 жылы бұл жұмыс ішінара аяқталып, алты көшеде 5 шақырымға жуық желі тартылды. 2025 жылы ұзындығы 10 шақырым болатын 15 көшеде құрылыс жоспарланған. Қазір сол көшелердің 10-ында жұмыс басталып кетті.

Қала басшысы мердігер ұйымға барлық жұмысты 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды.

«Сіздерден сапа мен мерзімді талап етеміз. Кепілдік мерзімі – 5 жыл. Егер қандай да бір апат болса, сіздер қалпына келтіресіздер», – деді Дархан Сатыбалды.

Жобаның негізгі мақсаты тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және ауданның инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту.

Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Алматы әкімі күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №3 қалалық емхана ғимаратына барды. Бүгінде ішкі инженерлік жүйелер, линеарлы панельдерден қапталған қасбетті орнату, бөлмеаралық қабырға жасау, ішкі әрлеу, кафель төсеу, есік-терезе орнату мен ауланы көркейту жұмыстары аяқталды. Қазір нысан 95% дайын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады