Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Құтқарушылар пәтерлерді аралап жүр: Астанада балаларды қорғау шаралары күшейтілді

Құтқарушылар пәтерлерді аралап жүр: Астанада балаларды қорғау шаралары күшейтілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша белсенді профилактикалық жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық ТЖД Байқоңыр ауданының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр.

«Өкінішке қарай, терезеден кішкентай балалардың құлау жағдайы жиілеп кетті. Білесіз бе, мұндай жағдайлар еліміз бойынша өте көп, Астанада да аз емес. Әдетте, бұл қиындықтардың басты себебі – ересектердің балаларды назардан тыс қалдыруы. Біз қаланы аралап шығамыз, ата-аналармен кездесіп, баланы қалай қорғау керектігі туралы профилактикалық-түсіндіру жүргіземіз. Бүгін біз осындай жұмысты «7 Континент» тұрғын үй кешенінің аумағында жүргізіп жатырмыз. Тәжірибе көрсеткендей, балаларды қорғаудың ең тиімді құралы – терезелерге блокаторлар орнату. Біз көпбалалы отбасылар тұратын пәтерлерге блокаторларды тегін орнатамыз. Мысалы, кеше біз төрт отбасыны осындай қорғаныс құралдарымен қамтамасыз еттік. Бұл жұмыс жалғасып жатыр», - деді Байқоңыр ауданы ТЖ басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты әділет Қабдрахманов.

Құтқарушылар қала тұрғындарынан кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды және қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажеттігін еске салды. Бұл рейдтер елорданың барлық ауданында жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты