Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада өтетін жәрмеңкеде Абай мен Атырау облыстарынан жеткізілген 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады

Астанада өтетін жәрмеңкеде Абай мен Атырау облыстарынан жеткізілген 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада алдағы өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 20-21 қыркүйек күндері өтеді. Биыл өз өнімдерін Абай мен Атырау облыстарының тауар өндірушілері ұсынады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде Абай және Атырау облыстарының аграрлық өндірушілері әртүрлі ет, балық, сүт өнімдері, бакалея тауарлары, сондай-ақ көкөніс пен жеміс-жидекті тікелей фермерлерден жеткізеді. Бұл азық-түлік қолжетімділігін арттыруға және отандық өндірушіні қолдауға ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астанаға шамамен 400 тонна өнім әкеледі, оның ішінде 140 тонна ет және ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 70 тонна бал, 50 тонна бақша өнімдері, 25 тонна балық, 15 тонна сүт өнімдері, шамамен 20 тонна басқа азық-түлік өнімдері бар. Қала тұрғындары мен қонақтары өнімді тікелей фермерлерден сатып алып қана қоймай, өңірлік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламаны да тамашалай алады. Жәрмеңке 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.Еске сала кетейік, биылғы жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағы аумағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, 37 және 303 автобустары қатынайды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті