Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері Нұр-Сұлтанға 850 тоннадан астам өнім әкеледі

11-12 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы «Хан Шатыр» сауда орталығының жанында Алматы және Қызылорда облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке әдеттегідей сенбі және жексенбі күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.

Аталған өңірлер 850 тоннадан астам өнім әкеледі. Ет, сүт, бакалея, балық, көкөніс өнімдерінен тұратын ассортимент нарық құнынан арзан бағада сатылады.

Алматы облысының атынан Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларының, сондай-ақ 17 ауданының тауар өндірушілері қатысады. Олар 54,1 тонна ет өнімін, 26 тонна сүт өнімін, 103,6 тонна көкөніс өнімін, 3,8 тонна балық өнімін, 45,3 тонна жеміс-жидек, 39 тонна картоп және 237,5 тонна өзге де өнім (кондитерлік өнімдер, консервілер және т.б.) сатады.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 140 тонна күріш, 20 тонна балық және балық өнімдерін, сондай-ақ 150 тонна бақша дақылдарын, 40 тонна асқабақ, 40 тонна көкөніс пен жеміс, 3 тонна ас тұзы, 5 тонна сүт және кондитерлік өнімдер сатады.

Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкеге барған кезде санитарлық нормалар толықтай сақталуы қажет – бетперде тағу, қолды дезинфекциялау, әлеуметтік қашықтық туралы ұмытпау керек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті