Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Астанадағы Тәшенев көшесінің бойына 100 қарағай мен 30 қайың отырғызылды

«Таза Қазақстан»: Астанадағы Тәшенев көшесінің бойына 100 қарағай мен 30 қайың отырғызылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елорданың Байқоңыр ауданында күзгі көгалдандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Осылайша, Тәшенев көшесінің бойында ауқымды ағаш отырғызу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тәшенев көшесінің бойына 100 қарағай мен 30 қайың отырғызылды. Акцияға елорданың экологиясын жақсартуға үлес қосқан шамамен 100 адам қатысты. Олардың қатарында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті тұрғындар және Байқоңыр ауданы әкімінің аппаратының қызметкерлері бар. Мақсат – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желек санын арттыру және тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеу. Осындай көгалдандыру жұмысы қала бойынша жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, елордада 13 қыркүйектен 11 қазанға дейін дәстүрлі экологиялық айлық өтеді. Қала көшелері мен аулаларын абаттандыруға қала тұрғындары мен ұйымдар атсалыса алады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті