Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ауқымды экологиялық айлық басталды

Астанада ауқымды экологиялық айлық басталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

13 қыркүйектен бастап «Таза Қазақстан. Таза Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы басталды. Іс-шара «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды акция аясында өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экологиялық айлыққа қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдар қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафе-мейрамханалар және т.б.), еріктілер, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері, ПИК (МИБ) және басқалар қатысып жатыр. Экоакция аясында елордада қала аумағын санитарлық тазалау, нөсер және арық жүйелерін ретке келтіру, көшелерді, тротуарлар мен аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді жинау жұмысы жүргізіледі.Сонымен қатар маусымдық агротехникалық жұмыстар – жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарының маңын тазалау, рұқсатсыз қоқыс орындарын жою сияқты шаралар қолға алынған. Экоайлық барысында елорданың барлық алты ауданында ағаш отырғызу жұмысы да өтіп жатыр.

«Мен бұл ауданда бірнеше жылдан бері тұрамын, жыл сайын қаламыздың көгалданып келе жатқанын байқаймын. Жаңа ағаштар мен гүлдер отырғызылып, ауламыз бен көшелеріміз көркейіп келеді. Серуендеп, таза ауада уақыт өткізу де көңілді болды. Мұндай жұмыс Астанамыздың болашағы үшін маңызды», – деді Нұра ауданының тұрғыны.


«Біз әрбір ағаш пен көшет дұрыс отырғызылып, өсіп кетуін қадағалауға тырысамыз. Бұл – біз үшін бір реттік шара емес, Астананы көгалдандырудың жүйелі жұмысы. Көбірек адам атсалысқан сайын қаламыз да тезірек көркейіп, таза бола түседі», – деп атап өтті коммуналдық қызмет өкілі.

Еске сала кетейік, экоакцияның басты мақсаты – қала көшелеріндегі тазалықты сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Қала тұрғындары мен ұйымдарының кез келгені аулалар мен көшелерді абаттандыруға өз үлесін қоса алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті