Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлытау облысында полиция күдіктілерден марихуана тәркіледі

Ұлытау облысында полиция күдіктілерден марихуана тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Ұлытау облысында полиция күдіктілерден марихуана тәркіледі, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Жезқазған – Қызылорда тас жолында көлікті тоқтатып, сату үшін басқа өңірлерден әкелінген ірі көлемдегі есірткіні анықтады. Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері арнайы бөлімшелермен бірлесіп, “Қарасора — 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Mercedes-190 көлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде газ жабдығының астынан скотчпен оралған екі целлофан қап табылды. Ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат шыққан. Сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 15 келі болатын марихуана екенін растады. Тергеу мәліметінше, есірткі басқа өңірлерден әкелініп, кейін сату үшін жоспарланған. Қара нарықтағы мұндай партияның бағасы шамамен 3 миллион теңгеге бағаланады. Есірткіні сақтау және тасымалдау күдігімен 43 және 27 жастағы екі адам ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті