Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Армрестлингтен Азия чемпионатында елордалық спортшылар сегіз алтын және үш күміс медаль жеңіп алды

Алматы облысы Жаңашар қаласында өтіп жатқан армрестлингтен Азия Чемпионатына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Түрікменстан, Моңғолия елдерінен 600-ден аса  спортшы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Азия біріншілігі спортшылар мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті.

Байрақты бәсекеде елордалық спортшылар алты алтын, бір күміс жүлдені жеңіп алса, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында елорда қоржыны тағы екі алтын және екі күміс жүлдемен толықты.

Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Ересектер арасы:

Арман Рахманқұлов 100 кг
I орын – оң қол бойынша

Ардагерлер арасында:

Денис Уманский 100 кг
I орын - оң қол бойынша
I орын - сол қол бойынша

Роман Кушьялов +100 кг
I орын - сол қол бойынша
II орын - оң қол бойынша

Еркін Әлімжанов 80 кг
I орын - оң қол бойынша
I орын - сол қол бойынша

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында:
Еркін Әлімжанов 80 кг
I орын – оң қол
I орын – сол қол

Бекзат Бүркітов 75 кг
II орын – оң қол
II орын – сол қол

Айта кеткен жөн Нұр-Сұлтан қаласында пара армрестлинг жаңадан ашылған спорт түрі болғандықтан бұл біздің спортшылардың алғашқы Азия чемпионаты.

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінде" армрестлинг бойынша секция ашылды. Қазіргі таңда спортшылар Паралимпиадалық жаттығу орталығында жаттығады.

«Елордалық БЖСМ басшылығының шешімімен біз мектепте пара армрестлинг бөлімін аштық. Бірінші кезең спортшыларды іріктеу болды. Бір таңқаларлығы тілек білдірушілер өте көп болды. Кез-келген спорт түрі секілді, бұл жерде тәртіп маңызды. Балалар жаттығуға жауапкершілікпен қарайды және себепсіз жіберіп алмауға тырысады. Шын мәнінде, дайындалатын уақыт аз болды, бірақ мен өз спортшыларымның өнеріне ризамын, алғашқы жарыс үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. Финалда біздің спортшымыз Өзбекстан чемпионын жеңіп, ұлттық құраманың қоржынына алтын медаль әкелді. Енді мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында армрестлингті дамыту, сондай-ақ олармен жұмыс істеп, нәтиже шығару туралы жоспарымыз бар», – деді елордалық спорт мектебінің жаттықтырушысы, армрестлингтен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Заир Ахмедов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады