Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті

200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту бағдарламасы жалғасуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылында 200 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектіні білім беру процесінде тиімді пайдалану бойынша курстан өтіп, оның 140 мыңға жуығы куәлік алды. Әсіресе, Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облысының педагогтері белсенділік танытты. Қатысушылардың басым бөлігі – бастауыш пәні мұғалімдері.

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп, халықаралық тәжірибе негізінде әзірлеген бағдарламаны қазақстандық педагогтерге бейімдеді. Курс барысында мұғалімдер ЖИ құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыда дұрыс қолдануды, промпт жазуды, сабақ жоспарлау, тестілеу мен оқу материалдарын әзірлеуді меңгереді.

Бағдарламаға Қазақстанның кез келген өңіріндегі педагог reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында өзіне ыңғайлы уақытта тегін онлайн қатыса алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді