Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады

Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады
Фото: pixabay.com

Астанада еліміздің өңірлерінен тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады. Олар әр сенбі мен жексенбіде 27 қазанға дейін өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

21 қыркүйекте басталатын жәрмеңкеде елордада өз өнімдерін бірінші болып Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарының аграршылары ұсынады. Олар ет, балық, сүт, азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ көкеністер мен жемістерді тікелей фермерлерден ұсынады. Бұл азық-түліктің қолжетімділігін арттыруға да, отандық өндірушіні қолдауға да ықпал етеді.Үш облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Астанаға 125 тонна ет және ет өнімдерін, 250 тонна көкеністер мен жемістерді, 26 тонна сүт өнімдерін, 22 тонна балық, 26 мың жұмыртқа, 2 тонна нан-тоқаш өнімдерін және 60 тонна өзге де азық-түлік өнімдерін әкеледі.Жәрмеңке барысында концерттік бағдарлама да ұйымдастырылады.Айта кетейік, биыл жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолында өтеді. Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қамтамасыз етіледі.Ауылшаруашылық жәрмеңкесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады