Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада түсірілген қысқаметражды фильм Ұлыбританиядағы беделді кинофестивальде екі марапатқа ұсынылды

Астанада түсірілген қысқаметражды фильм Ұлыбританиядағы беделді кинофестивальде екі марапатқа ұсынылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

24–28 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Бристоль қаласында 30-шы Encounters Film Festival өтеді. Осы беделді фестиваль аясында Астанада түсірілген «ИТ» («Animals») қысқаметражды фильмі алғаш рет әлемдік көрерменге жол тартпақ, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фильмді PROTALENT кинокомпаниясы TAURUS ASIA PRODUCTION-мен бірлесе түсірген. Картина фестивальдің негізгі байқауына енгізіліп, бірден екі марапатқа үміткер болды: Brief Encounters гран-приі мен көрермен көзайымы жүлдесі. Продюсерлік құрамда Ардақ Қасымбек, Әсел Сағи, Дана Мұтырғанова және Анар Жүнісова бар.

Картинаның авторы әрі режиссері – Модияр Абдуқадыров. Басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Нөгербек пен Нүркен Өтеул, сондай-ақ жас актерлер Шахнияз Данияр мен Асанәлі Апахан сомдады.

Фильмде қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалады: жануарларға қатыгездік, ата-аналардың балалардың ішкі әлеміне бейжай қарауы және жасөспірімдер арасындағы буллинг. Оқиға 11 жастағы баланың тағдырына негізделген: ол әкесімен бірге ауылға көшіп келіп, көшедегі итті қатарластарының қатігездігінен қорғауға тырысады. Бірақ бұл әрекет оның өмірін түбегейлі өзгертетін жағдайларға ұласады.

Картина адам мен ит арасындағы ежелгі достықты да еске салады. Ит – тек дос емес, сонымен бірге қорғаушы, аңшылықта сенімді серік.

«Фильміміз қазақстандықтардың назарын аударып, жануарларға ізгі көзқарастың манифесіне айналады деп сенеміз. Баланың тағдыры арқылы біз мейірім мен жанашырлықтың болашағымызды айқындайтынын көрсеткіміз келеді. Мұндай беделді фестивальге қатысудың өзі — біз үшін үлкен жеңіс әрі жаңа жобаларға шабыт», – деп атап өтті продюсерлер.

Айта кету керек, түсірілім барысында бірде-бір жануарға зиян келмеген. Encounters Film Festival– қысқаметражды кино мен анимация саласындағы әлемнің жетекші фестивальдерінің бірі. Жыл сайын ол түрлі елдің режиссерлері, продюсерлері мен көрермендерін бір алаңда тоғыстырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті