Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық «Бесік жыры» анимациялық фильмі Үндістанда өткен халықаралық фестивальде үздік атанды

Қазақстандық «Бесік жыры» анимациялық фильмі Үндістанда өткен халықаралық фестивальде үздік атанды
Фото: ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Үндістанда өткен Roshani International film festival 2023 фестивалінде «Үздік анимациялық фильм» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аурангабад қаласында төртінші мәрте өткен халықаралық фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен талантты кинематографистерді жинады.

Биыл байқауға 1300-ге жуық жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 132-і анимациялық фильмдер. Dala animation шығармашылық ұжымы дайындаған «Бесік жыры» мультфильмі қазылардың ең жоғары бағасын алып, көрерменнің көңілінен шықты.

Туынды 2021 жылы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарыққа шықты.

«Айта кету керек, бұл «Бесік жыры» анимациялық фильмінің алғашқы жүлдесі емес. Қазақстандық мультфильм мамыр айында Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде «Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алған еді. Ол байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылғанын айта кеткен жөн»,деді ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады