Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Айсұлтан Сейітов 25-ші мерейтойлық Шанхай халықаралық кинофестивалінде "ҚАШ" дебют фильмімен "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды.
"ҚАШ" фильмі қысқа тізімге еніп, бірден үш номинацияда "Азияның жаңа таланты" номинациясында жеңіске жетті:
Үздік фильм – Айсұлтан Сейітов
Үздік режиссер – Айсұлтан Сейітов
Үздік сценарий – Абылай Нұрманбетов
Фестиваль бағдарламасында фильмді Айсұлтан, Qara Studios бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев және фильмнің сценарий авторы Абылай Нұрманбетов таныстырды.
"ҚАШ" фильмінің түсірілімі 2020 жылы басталып, туынды Қазақстанда 2022 жылы үлкен прокатқа шықты. Фильм көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, қазақстандық кинотанушылар тарапынан да бірқатар марапаттарға ие болды. Фильмде 1931-1933 жылдардағы қазақ даласында болған жаппай ашаршылық қасіреті ағайынды екі адамның жеке басынан өткен оқиға арқылы баяндалады.
Шанхай – кең халықаралық бағдарламасы бар Қытайдағы ең ірі кинофестивалі. Биыл байқау 9-18 маусым аралығында өтіп жатыр және ең беделді халықаралық кинофестивальдердің бірі болып саналады.