Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Фархат Шәріповтің фильмі гран-при жеңіп алды

Фархат Шәріповтың "Схема" фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінің Generation бағдарламасында бас жүлдені жеңіп алды.

Generation-Берлиналедегі балалар мен жасөспірімдер фильмдеріне арналған байқау бөлімдерінің бірі. Фильмнің режиссері мен оның командасы 7500 евро ақшалай сыйлық алды.

"Біз Берлиналенің бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Барлық түсірілім тобына сенім артқаны үшін, атқарған жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. Жас актерлерімізге, сондай-ақ Берлиналені ұйымдастырушыларға бізді шақырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің ұсынғанымыз жастар мен жасөспірімдер туралы фильм болғандықтан, бұл байқауға қатысқанымызға қуаныштымыз", - деді режиссер.

"Схема" көркем картинасы - сенсациялық "18 килогерц" фильмінің трилогиясының екінші бөлімі және жасөспірімдердің өмірі туралы баяндайды. Бұл фильмде режиссер қазіргі әлемнің шындығына айналып отырған нашақорлық тақырыбын көтереді.

2019 жылы картина сценарийі ҰКҚО алғашқы питчингінің нәтижелері бойынша мақұлдау алды және мемлекеттік қаржыландырумен қолдау тапты. Фильмнің түсірілімі Алматыда өтті. Басты рөлдерді дебютант актерлер Виктория Романова мен Тайыр Свинцов ойнады.

Айта кетейік, "18 килогерц" трилогиясының бірінші бөлігінің әлемдік премьерасы Варшава халықаралық кинофестивалінде өтті, онда кинотаспа сенсациялық түрде Гран-приді жеңіп алды. Зара Есенаманның "Хардкор" кітабы бойынша түсірілген картина 90-шы жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірі туралы баяндайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты