Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесті

Олжас Бектенов РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда цифрландыру, инновация, спорт, туризм және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Кездесу қатысушылары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин арасындағы сенімді диалог пен тұрақты байланыстардың арқасында екі ел арасында орныққан экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды атап өтті. Қазіргі таңда ынтымақтастық стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында дамып келеді.

2025 жылғы қаңтар-маусым аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы $12 млрд-қа жетті. Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес өзара сауданы $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Сапар барысында Дмитрий Чернышенко бірнеше нысандарға баруды жоспарлап отыр. Оның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, сондай-ақ ММУ мен ММХҚИ-дың қазақстандық филиалдарының қызметімен танысу да қарастырылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті