Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов РФ Үкіметі төрағасының орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Дмитрий Григоренкомен кездесу өткізді

Олжас Бектенов РФ Үкіметі төрағасының орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Дмитрий Григоренкомен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Дмитрий Григоренкомен кездесу өткізді. Цифрландыру және жасанды интеллект, инвестициялар, инновациялық даму саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына назар аударылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің тұрақты байланыстарының нәтижесінде екіжақты өзара іс-қимыл деңгейі жоғары қарқынмен жалғасуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымының көлемі шамамен 3%-ға өсіп, $27,8 млрд-ты құрады. Бұл ретте әрі қарай сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеует бар.

Кездесуге қатысушылар жасанды интеллектіні қолданушылардың қарқынды өсіп келе жатқанын айтып, цифрландыру саласындағы екіжақты әріптестік қатынастардың маңыздылығын атап өтті. Жаңа технологияларды енгізу үдерістерінде күш-жігерді біріктіру инновацияларды дамытуға, IT-кәсіпкерлер мен стартап-жобаларды қолдау шараларын қалыптастыруға, білікті мамандарды даярлауға, ақпараттық қауіпсіздік шараларын жетілдіруге серпін береді. Биыл Астанада Alem. ai халықаралық жасанды интеллект орталығының ашылуымен IT-мамандарға жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Жұмыс сапары аясында Дмитрий Григоренко Қазақстанның жетекші IT-алаңдарының, соның ішінде Astana Hub технопаркі және NU технопаркінің қызметімен танысады, онда бүгінде 1600-ден астам IT-компаниялар тіркелген, олардың 425-іне шетелдіктер қатысуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді