Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан ChatGPT-ге салық салды

Қазақстан ChatGPT-ге салық салды
Фото: pixabay.com

ChatGPT Қазақстандағы ҚҚС төлеушілер қатарына кірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдан бастап Қазақстанда цифрлы қызметтерге салық, яғни Google салығы енгізілді. Бұл елде жұмыс істейтін трансұлттық ІТ-компанияларға әділ салық салу мақсатында жасалған қадам болды.

"2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді. Бұл - жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалды жүйесінің әзірлеушісі. Енді Қазақстан аумағындағы жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін ChatGPT Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлейді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ChatGPT - жасанды интеллектіге негізделген чат-бот. GPT (Generative Pre-trained Transformer) тілдік моделі негізінде жұмыс істейді және мынадай мүмкіндіктерге ие: сұрақтар мен өтініштерді түсіну; мағыналы әрі қисынды жауаптар құрастыру; аударма, хат жазу, кодтау, оқу және басқа да салаларда көмек көрсету.

ChatGPT-ді виртуалды көмекші, кеңесші, сұхбаттасушы немесе шығармашылық пен жұмысқа арналған құрал ретінде пайдалануға болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады