Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Saryarqa Run: Астанада Конституция күніне орай өткен жүгіру іс-шарасына 1500 адам қатысты

Saryarqa Run: Астанада Конституция күніне орай өткен жүгіру іс-шарасына 1500 адам қатысты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада әуесқой жүгірушілер дәстүрлі түрде бас қосты, деп хабарлады kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Конституция күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысуға ниетті азаматтардың қарасы әдеттегідей көп болды.

«Мерекеге орай ұйымдастырылып жатқан жүгірісімізде дәл осы бағыт екінші рет таңдалды. Себебі Есіл өзенінің бойымен жүгіру қатысушыларға ерекше әсер сыйлайтыны сөзсіз. Екіншіден, ешкімге кедергі келтірмей, бір сәтте 1500-ға жуық адам қашықтықты бағындырды. Бір ерекшелігі - жүгіріс қай ауданда ұйымдастырылса да, қаланың әр бұрышынан қатысқысы келетіндердің қарасы қалың», - деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Қатысушылар осы жолы Ырыскелді қажы мешітінен бастап, Кенесары ескертішін айналып, 4 және 7,6 шақырым қашықтықты еңсерді.

«Адамның денсаулығы – өз қолында. Егер үнемі сергек қимылдап, көңіл күйің көтеріңкі болғанын қаласаңыз, жүгіруді әдетке айналдырған жөн. Осындай спорттық іс-шараның арқасында әлемдегі түрлі марафондар жайлы естіп жатырмын. Мысалы, бүгін бір әпкеміз әлемдегі ең қиын саналатын Barkley Marathon-да жүгіргенін айтты. Қарапайым жүгірістен басталған ойым осындай үлкен мақсаттар қоюға итермелейді», - деп 7,6 шақырым қашықтыққа тіркелген Ғани Мажитов өз ойын бөлісті.

Спорттық іс-шарада мәреге жеткен барлық қатысушыға естелік медаль беріліп, лотерея арқылы 10 велосипед ойнатылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті