Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада өткен жүгіру іс-шарасына 1000-ға жуық адам қатысты

Астанада өткен жүгіру іс-шарасына 1000-ға жуық адам қатысты
Фото: Астана қ.әкімдігі

«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында Сарыарқа ауданында жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті, деп хабарлады kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы жолғы басты ерекшелігі – қатысушылар жаңа маршрут бойынша бақтарын сынады. 4 шақырымдық қашықтыққа жалғасқан жүгіріс Арбаттағы Кенесары хан ескерткішінің алдынан басталып, Ырыскелді қажы мешітінің жанында мәресіне жетті.

«Астана – есірткісіз қала» ұранымен кезекті жүгірісімізді ұйымдастырдық. Бұл жолы жүгіру бағыты жаңартылды. Кезекті рет қатысушыларымыз Есіл өзенінің бойымен жаңа бағытта жүгірді. Қатысушылар әсерлерімен бөлісіп, разы болып жатыр. Сондай-ақ жүгірісіміз жиі ұйымдастырылса да медальдарымыз үнемі жаңартылып тұрады. Бұның өзі қосымша эмоция беретіндігі сөзсіз. Жүгірістің арқасында қала тұрғындары демалыстың таңын спортпен бастауды әдетке айналдырып келеді. Қазірдің өзінде отбасымен бірге толықтай қатысатындардың саны артып жатқаны анық байқалады. Елордамызда жүгіру мен велошеруден өзге бұқаралық спорттың да түрін өткізуге атсалысып жатырмыз», – деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Жарысқа 1000-ға жуық әуесқой жүгіруші қатысып, 9:00-де 4 шақырымдық қашықтықты бастап кетті.

«10 жылдан астам уақыт бойы жүгіріп келемін. Бүгінде жүгіру әдет болып кетті. Салауатты өмір салтын өзім арқылы насихаттағанның арқасында өзге таныстарым да осы жолды таңдады», – деді жарысқа қатысушы Жансұлтан Қалдаров.

Бұқаралық жүгірістің соңында әдеттегідей қатысушылардың арасында велосипед ойнатылып, естелік медаль берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді