Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Конституция күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Астанада Конституция күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елімізде 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтіледі. Осыған байланысты Астанада 50-ден астам мәдени, спорттық, әлеуметтік іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

29 тамыз күні «Астана қаласы мемлекеттік архиві» ММ-нің әлеуметтік желілерінде «Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты виртуалды көрме өткізіледі. Сонымен қатар, осы күні Есіл өзенінің жағалауында сағат 19:00-де «ЖАСАЙ БЕР, ҚАЗАҚ ЕЛІ» концерті ұйымдастырылады.29 тамыз күні сағат 10.00-ден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында шақырылған ресми тұлғалардың құттықтау сөздері, мәдени бағдарлама, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихына арналған Ұлттық музей залдарына экскурсия жүргізілу жоспарланған.28-29 тамыз күндері сағат 10.00 ден 18.00-ге дейін Байқоңыр ауданында «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесі Жазушылар аллеясында ұйымдастырылады.29 тамыз сағат 10.00-де Ж. Досмухамедұлы, 2 мекенжайы бойынша № 55 орта мектебінде Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында шағын футболдан жарыс өтеді.

29 тамызда сағат 17:00-де Жастар сарайында «Жасыл ел» жобасының жабылу салтанаты өтеді. Жиын барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады және Үздік сарбаздар марапатталады.29 тамыз сағ. 10.00-де «Нұра» ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелері Кәсіби-технркалық колледждің оқушыларымен Конституция тақырыбында дәріс өткізіп, талқылау ұйымдастырады.29 тамыз күні сағат 10.00-де білім мекемелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі.30 тамыз күні сағат 9.00-де «Аспан» спорт кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында және Конституция күніне арналған жастар мен ересектер (ерлер, әйелдер) арасындағы асық атудан қалалық ашық кубогы ұйымдастырылады.30 тамыз күні сағат 8.00-де «Ботаникалық саябақта» бұқаралық жүгіру; 30-31 тамызда сағат 9.00-де «Дәулет» МКҚК-де әуесқойлар арасындағы теннис турнирі; 31 тамыз күні Сарыарқа ауданы аумағында аудан тұрғындары арасында «SARYARQA RUN» марафоны өткізіледі.30 тамыз күні «Нұра» ауданының мектеп оқушыларына «Атамекен» этно-мемориалды комплексіне экскурсия жүргізіледі.30 тамыз күні Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында сағат 11:00-ден бастап 20:00-ге дейін «Жас Әлем» балалар фестивалі ұйымдастырылады.31 тамыз күні Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда сағат 19:00-де «ALEM» заманауи этно-шоу балетінің «NOMADS FIRE» концерті өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі