Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері елде болу ережелерін бұзған шетелдік азаматтарды анықтады

Көлік полицейлері елде болу ережелерін бұзған шетелдік азаматтарды анықтады
Фото: Polisia.kz

"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ барысында көлік полицейлері үш күнде 1400-ден астам азаматты жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26-28 тамыз күндері көліктегі полиция департаментінің және оның желілік бөліністерінің қызмет көрсету аумағында республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараны өткізу барысында 16 қылмыс пен қылмыстық теріс қылық тіркеліп, олардың барлығы "ізін суытпай" ашылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын жасалған 7 қылмыс әшкереленді. Іздеуде жүрген 14 қылмыскер құрықталды. Үш күн ішінде көлік полицейлері әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 1466 тұлғаны жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 92 шетел азаматы ұсталып, тиісті жауапқа тартылды. Заңды өкілдерінің қарауынсыз тұрғын үйден тыс көлік нысандарында жүрген 82 жасөспірім анықталды, олардың 14-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Құжаттары жоқ және тұрақты мекенжайы анықталмаған 17 адам қабылдау-тарату орындарына жеткізілді. Департамент бойынша 114 адам дактилоскопиялық және фото-видео есепке алынды. Сондай-ақ іс-шараға кинологиялық қызмет орталығының мамандары жұмылдырылды, олар қызмет көрсету аумақтарында қызметтік-іздестіру иттерімен патрульдеу жұмыстарын жүргізді. Бұған қоса, елдің барлық әуежайы және теміржол көлігі нысандары, жолаушылар пойыздары келу-кету кезінде және жол жүру барысында тексерілді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді