Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері 3 күн ішінде мыңнан астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

Көлік полицейлері 3 күн ішінде мыңнан астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде мыңнан астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 28 қылмыс тіркеп, іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ 1403 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін – 183, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін – 101, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін – 76, ұсақ бұзақылық үшін – 10, шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін – 63.

Бұл туралы департамент бастығы Бақытжан Малыбаев айтты.

Оның сөзінше, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған көрші елдердің төрт азаматын анықтап, ұстады. Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде елден кетуден жалтарған.

Б. Малыбаев құқық бұзушыларға қатысты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырғанын айтты.

– Сот шешімімен шетелдіктер 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шығарып жіберу түріндегі жаза қолданылды, – деді Б. Малдыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, көліктегі ПД-нің қызмет көрсету аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 26-28 тамыз аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді