Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдікті анықтады

Көлік полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдікті анықтады
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Заңсыз келуші-2024” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 112 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде елде болу ережелерін бұзғаны үшін 90 шетелдік, олардың 87-сі ТМД елдерінен болса, 3-уі алыс шетел азаматтары. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Оның айтуынша, сот шешімі бойынша 17 шетелдік елден тысқары шығарылды. Мәселен, Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын тексеру кезінде заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған ҚР көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 15 азаматын анықтады.

Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 10 шетелдік ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп елден шығарылса, қалған азаматтарға 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 3-9 маусымы аралығында Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау және департаменттің қызмет көрсету аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында “Заңсыз келуші – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады