Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

5 ауылдық елді мекен сапалы ауыз суға қол жеткізді - министрлік

5 ауылдық елді мекен сапалы ауыз суға қол жеткізді - министрлік
Фото: pixabay.com

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл Ақмола, Алматы, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 34 жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Аталған іс-шаралардың аясында 158 елді мекенде сумен қамтамасыз ету және су жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 450 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Жобалардың аяқталу мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Айта кету керек, 2021-2022 жылдары Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 7 нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ұлытау облысындағы 1 нысан бойынша сынақ режимінде сапалы ауыз су беріле бастады.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде 800 шақырымнан астам су желісі салынды. 203 мың халқы бар 51 ауылдық елді мекенде және Сәтбаев, Макинск және Жезқазған қалаларында сумен жабдықтау сапасы жақсарды. 6 мыңға жуық тұрғыны бар 5 ауылдық елді мекен сапалы ауыз суға қол жеткізді,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді